ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ “ҚАЗАНҒАП АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА

ЖОҒАРЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ”  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

A- A A+

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ “ҚАЗАНҒАП АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА

МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ”  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ

КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ

“КЫЗЫЛОРДИНСКИЙ МУЗЫКАЛЬНЫЙ

КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ КАЗАНГАПА” УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Казахстан ратифицировал протокол о присоединении Армении к соглашению ЕАЭС КЗ

Казахстан ратифицировал протокол о присоединении Армении к соглашению ЕАЭС КЗ

Казахстан ратифицировал протокол о присоединении Армении к соглашению ЕАЭС КЗ

Казахстан ратифицировал протокол о присоединении Армении к соглашению ЕАЭС КЗ

Колледж туралы

      Облыс мәдениеті мен өнерінің дамуына өзіндік үлес қосып, кәсіби музыкалық білім беретін Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі 1977 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің бұйрығымен ашылды.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің 2015 жылғы 13 мамырдағы №КZ30LAA00004802 лицензиясы негізінде білім беру қызметін кәсіптік орта білімді мамандықтар  бойынша мамандар даярлауда.
Колледж ұжымы облыс көлеміндегі мәдени іс-шараларға толығымен қатысып, олардың өз дәрежесінде өтуіне аянбай еңбек етеді. Колледж директоры К. Ш. Ботабаев ҚР Білім беру ісінің үздігі,  ҚР Мәдениет қайраткері, «Астана» медалінің иегері Оған қосымша Облыстық филармонияда «Тұрмағамбет» атындағы «халық аспаптар» оркестрін, және  Камералық оркестрін құрып, қазіргі таңда өзі басқарады.   Халықаралық, Республикалық, Облыстық  мерекелік іс-шараларға қатысып, халық құрметіне бөленіп жүрген оркестр дирижері, жоғары санатты, білікті маман. 2016 жылдың 25-27  қыркүйек аралығында Алматы қаласында өткен Алматы қаласының 1000 жылдығы мен  ҚР Тәуесіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында «Әуен Fest» атты камералық оркестрлер фестивалінде жүлделі ІІІ орын лауреат атанды дирижеры К. Ш. Ботабаев.  Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Ә. Ахметов  ҚР Мәдениет қайраткері, тәжірибесі мол, жоғарғы санатты маман. 
Колледжде қызмет ететін көптеген оқытушылар Республикамыздың, облысымыздың мақтанышы.   Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «ән салу» бөлімінің оқытушысы  Қ.А.Ақдаулетова, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткерлері «хореография өнері» бөлімінің меңгерушісі  Т.Бақтыбаев, арнайы фортепиано бөлімінің оқытушысы Т.Шрамкова, «халық аспаптары» бөлімінің оқытушысы (баян) Т.Каденов,    ҚР композиторлар одағының мүшесі сазгер «халық аспаптары» бөлімінің (контрабас) А. Алмағанбетов, ҚР Министрінің Ыбырай Алтынсарин атындағы төс белгінің иесі «ән салу» бөлімінің меңгерушісі П. Аргинбаева,  «Астана» медалінің иегері, халықаралық, республикалық конкурстардың жүлдегерлері «халық аспаптары» бөлімінің меңгерушісі (домбыра) Ә.Әбсадықов,  «халық аспаптары» бөлімінің   оқытушысы (қобыз) С. Пусурманова, «халық аспаптары» бөлімінің оқытушысы (қобыз)  Г. Абжапбарова, «ән салу» бөлімінің оқытушысы С. Байсейтова, «ән салу» бөлімінің домбырамен халық әнін орындау класы бойынша  оқытушысы Айдос Рахметов,  Бейсенбек Төлеубаевтар   өнерлі жас буынды тәрбиелеуде еселі еңбек етіп келе жатыр.
Колледжде негізгі 103 оқытушы қызмет атқарады. Оның 50 пайызын жоғарғы,    І санатты оқытушылар  құрайды.
Колледж жанынан құрылған
«Халық аспаптары» оркестрі (жетекшісі, колледж директоры К.Ш.Ботабаев);
- Аралас хор  (жетекшісі Р.Қазбеков);
- Қыздар хоры (жетекшісі Болат Мұсабеков);
- «Домбырашылар» ансамблі (жетекшісі М. Құттымұратов);
- «Қобызшылар» ансамблі (жетекшісі С.Пұсырманова);
- «Баянистер» ансамблі (жетекшісі А. Борангулова);
- «Үрмелі аспаптар» оркестрі (жетекшісі Р. Балмасов);
«Сыр сұлуы» би ансамблі (жетекшісі Т.Бақтыбаев)
      Осы аты аталған ұжымдар республика, облыс, қала көлемінде өтетін көптеген мәдени іс-шараларға белсене қатысады.
«Шәкіртсіз ұстаз – тұл» демекші, колледжден бітірген сан мыңдаған шәкірттер республикамыздың түкпір-түкпірінде қызмет етуде. Олардың ішінде елге танылып, халық аузында жүргендері де колледждің абыройы. Атап айтар болсақ, Қазан қаласындағы Татар ұлттық консерваториясының профессоры З.Салихова, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының «халық аспаптар» факультетінде доценті  Төлепберген Тоқжан, А. Жұбанов атындағы мамандандырылғын мектеп интернатының (домбыра) оқытушысы Мұстафаев Ерболат,  М.Әуезов атындағы академиялық драма театр актері Ғани Құлжан, Астана – Опера солисті Бибігүл Жанұзақ,  Астана – Опера хор ұжымында  Астана мемлекеттік филармониясының әншісі Сымбат Тасбергенова, Тыныштық Шахризада, Абай атындағы Алматы Академиялық опера және балет театрының солисті Т. Рахметов,  Шымкент опера және балет театрының солисі  Гаухар  Ахетова,  Қызылорда облыстық филармониясында Мақсат Мақұлбеков, Ғани Бекмұрзаев, «Отырар сазы» оркестрінің дирижері Мүслим Әмзе, Батыс Қазақстан облысының халық  аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Еркін Нұрымбетов,  халықаралық конкурстардың жүлдегері «Ұлытау» тобының домбырашысы Е.Әлімбетов, эстрада жұлдыздары М.Сәдуақасова, А.Кішкенбаев – колледж түлектері.
     Колледжден бітірген көптеген түлектер өз уақытында оқу орнының абыройын аспандатып, мәртебесін көтергені – сапалы білім мен саналы тәрбиенің жемісі. ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауының дипломанты М.Нұрбаева, Париж қаласындағы дүние жүзі балалар шығармашылығы фестиавалінде А.Кішкенбаев, А.Ибраева лауреат атанса, «Super star» Мега проектісінің жүлдегері А.Кішкенбаев, Таллинде өткен «Апплаус» жас орындаушылар байқауының лауреаты Р.Садықов, Ғ.Мұратова, республикалық «Жас қанат» байқауының бас жүлдегерлері М.Сәдуақасова, Қ.Оспановтарды атап өтпеу мүмкін емес. 2014 жылы Өскемен қаласында өткен Құрманғазы атындағы Х Республикалық күйшілер конкурсында (домбыра)  Абдуахаб Сымбат ІІІ орын иеленді. Құрманғазы атындағы VІІІ Республикалық конкурсында «баян» номинациясы бойынша Аманов  Нұрлыбек дипломант атанды. Жыл сайын өтетін Республикалық жас орындаушылар конкурсында колледж оқушылары қатысып, лауреат атанып келеді. 2011 жылы тарихымызда болмаған республикалық жас орындаушылар конкурсында «Академиялық ән салу» номинациясы бойынша (сопрано) Тыныштық Шахризада, (меццо сопрано) Қарғаева Зухра, (баритон) Мәлік Азат, (бас) Мұханов Ербол І орын лауреат атанып, колледж мәртебесін оданда биікке самғатты. 2015 жылы  Астанада өткен Н. Тілендиев атындағы ІV Халықаралық  «Өз елім» Саз Фестивалі өтті. Конкурстың талабы зор болды. Колледжінің «Ән салу» бөлімінен 4 курс оқушылары Тыныштық Бибігүл және Айдарбекова Мадина   Астана - Операда жұмыс жасайтын солистермен бәсекелесіп,  жүлделі орындарды иеленіп қайтты.  2016 жылы Астана қаласында өткен Еркеғали Рахмадиев атындағы І халықаралық конкурста 4 курс оқушысы Алтынбек Айгерім «вокалдық өнер» аталымы бойынша  ІІ дәрежелі  дмипломмен марапатталды. 2016 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен  V халықаралық Б. Т. Штоколов атындағы вокалистер конкурсында 4 курс оқушысы Алтынбек Айгерім ІІІ орын алып келді.  2015 – 2016  жылы І Республикалық фортепиано конкурсында халық аспаптар бөлімінің ІІІ курс оқушысы  Берікқызы Гулдана ІІ орын, Ән салу бөлімінің І курс оқушысы Бөрібай Ернар ІІ орын, Ішекті аспаптар бөлімінің І курс оқушысы Шукурбаева ІІІ орын алып келді. ІІ  Халықаралық фортепиано конкурсында Халық аспаптары бөлімінің ІІ курс оқушысы Рамат ІІІ орын лауреат атанды.
      ХХХVІІ Республикалық жас орындаушылар конкурсында «қобыз» номинациясы бойынша «халық аспаптар» бөлімінің ІІІ курс оқушысы  Берікқызы Гульдана ІІ орын, «прима»  бойынша     ІІІ курс оқушысы   Тигай Кристина ІІ орын,    «фольклор» бойынша ІІ курс оқушысы Бағланқызы Гулім ІІ орын,  «баян» бойынша  Прназарова Ж      ІІІ орын  лауреат атанып келді.
      2015 жылы Тарих толқынында» атты ХІ республикалық Ұлттық дельфий ойындарында «хореография өнері» бөлімінің оқушылары жүлделі ІІІ орын ға ие болды.  
2011 жылдан бастап   колледж жанынан ашылған балалар музыка мектебі  110 ға жуық  оқушы қабылдап, өрісін кеңейтіп,  балалар мектеп бишілері Испанияда өткен Халықаралық конкурста І орын, Халықаралық «Бозторғай» конкурстарында жүлделі І орын иемденді. 2016 жылы «ән салу» бөлімінің оқушылары Эстония астанасы Таллинде өткен ІІ - ші  халықаралық Георг Отс атындағы конкурсында «академиялық вокал» номинациясы бойынша  лауреат атанып келді. 2016 жылы  Санкт – Петербург қаласында өткен Елена Образцова атындағы VІ халықаралық вокал конкурсында ән салу бөлімінің оқушылары дипломант атанып  Өтегенов Абылай арнайы жүлдемен марапатталып қайтты.  Колледж жанынан ашылған балалар музыка мектебінің оқушылары  облыстық мәдени іс шараларға қатысып, жүйелі жұмыс жасауда. Колледжде оқушылардың сапалы білім алуы үшін материалдық-техникалық жағдай жасалған. 100 орындық оқушылар жатақханасы, 30 орындық асхана, 100 орындық мәжіліс залы, 20000 мыңға жуық  кітап қоры бар кітапхана, 30 орындық оқу залы жұмыс істейді. Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжінің жас жеткіншектерді тәрбиелеп, өнер өлкесіне қанат қақтыруда атқарар міндеті, еліне қызмет етер сүбелі үлесі мол.