ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ “ҚАЗАНҒАП АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА

ЖОҒАРЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ”  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

A- A A+

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ

КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ

“КЫЗЫЛОРДИНСКИЙ МУЗЫКАЛЬНЫЙ

КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ КАЗАНГАПА” УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Казахстан ратифицировал протокол о присоединении Армении к соглашению ЕАЭС КЗ

Казахстан ратифицировал протокол о присоединении Армении к соглашению ЕАЭС КЗ

Казахстан ратифицировал протокол о присоединении Армении к соглашению ЕАЭС КЗ

Казахстан ратифицировал протокол о присоединении Армении к соглашению ЕАЭС КЗ

Колледж тарихы

 

Колледж тарихы

Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі 1977 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің бұйрығымен ашылған. Музыкалық училищенің негізінде құрылып, 1977 жылға дейін заңды тұлға болып келген.

1997-1999 жылдар аралығында М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің құрамында болды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 11.12.1995 жылғы №312 қаулысына сәйкес Қызылорда музыкалық училищесі Кызылорда музыкалық колледжі болып өзгертілді.

ҚР Үкіметінің 24.12.1996 жылғы №1601 қаулысына және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 15.01.1996 жылғы №14 бұйрығына сәйкес Қызылорда музыкалық колледжі таратылды.

Музыкалық колледж және педагогикалық колледж біріктіріліп қосылуы арқасында колледж құрылды.

08.05.1997 жылғы №814 Қаулыға сәйкес гуманитарлық колледжге  М.Мәметова аты берілді.

1999 жылдың 1-сәуірінен бастап Қызылорда облысы әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың 1999 жылдың 26 ақпанындағы №8 шешіміне сәйкес облыстық бюджеттен қаржыландыру мәртебесі беріліп, Қызылорда музыкалық колледжі болып қайта құрылды.

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев арнайы бұйрығымен директорлық міндетке Бутабаев Кеулімжай Шалтақбайұлын тағайындады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы№497 Қаулысына сәйкес Қызылорда музыкалық колледжіне күйші-композитор Қазанғап Тілепбергенұлының есімі беріліп, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі  болып өзгертілді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің 2015 жылғы 13 мамырдағы №КZ30LAA00004802 лицензиясы негізінде білім беру қызметін кәсіптік орта білімді мамандықтар  бойынша мамандар даярлауда.

2017 жылдың қараша айында колледждің құрылғанына 40 жыл мерейтойы өткізілді.

Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі Қаулысына сәйкес «Қызылорда облысының білім басқармасының «Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны» болып қайта аталды.

Колледж ұжымы облыс көлеміндегі мәдени іс-шараларға толығымен қатысып, олардың өз дәрежесінде өтуіне аянбай еңбек етеді. Колледж директоры К. Ш. Ботабаев ҚР Білім беру ісінің үздігі,  ҚР Мәдениет қайраткері, «Астана» медалінің иегері оған қосымша Облыстық филармонияда «Тұрмағамбет» атындағы «халық аспаптар» оркестрін, және  Камералық оркестрін құрып, қазіргі таңда өзі басқарады. Халықаралық, республикалық, облыстық мерекелік іс-шараларға қатысып, халық құрметіне бөленіп жүрген оркестр дирижері, жоғары санатты, білікті маман.

2016 жылдың 25-27 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өткен Алматы қаласының 1000 жылдығы мен ҚР Тәуесіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында «Әуен Fest» атты камералық оркестрлер фестивалінде жүлделі ІІІ орын лауреат атанды дирижеры К. Ш. Ботабаев. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Ә. Ахметов  ҚР Мәдениет қайраткері, тәжірибесі мол, жоғарғы санатты маман. 

Колледжде қызмет ететін көптеген оқытушылар Республикамыздың, облысымыздың мақтанышы.  

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Ән салу» бөлімінің оқытушысы Қ.А.Ақдаулетова, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткерлері «Хореография өнері» бөлімінің меңгерушісі  Т.Бақтыбаев, арнайы фортепиано бөлімінің оқытушысы Т.Шрамкова, «Халық аспаптары» бөлімінің оқытушысы (баян) Т.Каденов, ҚР композиторлар одағының мүшесі сазгер «Халық аспаптары» бөлімінің (контрабас) А. Алмағанбетов, ҚР Министрінің Ыбырай Алтынсарин атындағы төс белгінің иесі «Ән салу» бөлімінің меңгерушісі П.Аргинбаева, «Астана» медалінің иегері, халықаралық, республикалық конкурстардың жүлдегерлері «Халық аспаптары» бөлімінің меңгерушісі (домбыра) Ә.Әбсадықов, «Халық аспаптары» бөлімінің оқытушысы (қобыз) С.Пусурманова, «Халық аспаптары» бөлімінің оқытушысы (қобыз) Г.Абжапбарова, «Ән салу» бөлімінің оқытушысы С. Байсейтова, «Ән салу» бөлімінің домбырамен халық әнін орындау класы бойынша  оқытушысы Айдос Рахметов,  Бейсенбек Төлеубаевтар өнерлі жас буынды тәрбиелеуде еселі еңбек етіп келе жатыр.

«Шәкіртсіз ұстаз – тұл» демекші, колледжден бітірген сан мыңдаған шәкірттер республикамыздың түкпір-түкпірінде қызмет етуде. Олардың ішінде елге танылып, халық аузында жүргендері де колледждің абыройы. Атап айтар болсақ, Қазан қаласындағы Татар ұлттық консерваториясының профессоры З.Салихова, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының «Халық аспаптар» факультетінде доценті  Төлепберген Тоқжан, А. Жұбанов атындағы мамандандырылғын мектеп интернатының (домбыра) оқытушысы Мұстафаев Ерболат,  М.Әуезов атындағы академиялық драма театр актері Ғани Құлжан, Астана – Опера солисті Бибігүл Жанұзақ,  Астана – Опера хор ұжымында  Астана мемлекеттік филармониясының әншісі Сымбат Тасбергенова, Тыныштық Шахризада, Абай атындағы Алматы Академиялық опера және балет театрының солисті Т. Рахметов,  Шымкент опера және балет театрының солисі  Гаухар Ахетова, Қызылорда облыстық филармониясында Мақсат Мақұлбеков, Ғани Бекмұрзаев, «Отырар сазы» оркестрінің дирижері Мүслим Әмзе, Батыс Қазақстан облысының халық  аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Еркін Нұрымбетов,  халықаралық конкурстардың жүлдегері «Ұлытау» тобының домбырашысы Е.Әлімбетов, эстрада жұлдыздары М.Сәдуақасова, А.Кішкенбаев – колледж түлектері. Колледжден бітірген көптеген түлектер өз уақытында оқу орнының абыройын аспандатып, мәртебесін көтергені – сапалы білім мен саналы тәрбиенің жемісі. ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауының дипломанты М.Нұрбаева, Париж қаласындағы дүниежүзі балалар шығармашылығы фестиавалінде А.Кішкенбаев, А.Ибраева лауреат атанса, «Super star» Мега проектісінің жүлдегері А.Кішкенбаев, Таллинде өткен «Апплаус» жас орындаушылар байқауының лауреаты Р.Садықов, Ғ.Мұратова, республикалық «Жас қанат» байқауының бас жүлдегерлері М.Сәдуақасова, Қ.Оспановтарды атап өтпеу мүмкін емес. 2014 жылы Өскемен қаласында өткен Құрманғазы атындағы Х Республикалық күйшілер конкурсында (домбыра)  Абдуахаб Сымбат ІІІ орын иеленді. Құрманғазы атындағы VІІІ Республикалық конкурсында «баян» номинациясы бойынша Аманов  Нұрлыбек дипломант атанды.

Жыл сайын өтетін Республикалық жас орындаушылар конкурсында колледж оқушылары қатысып, лауреат атанып келеді. 2011 жылы тарихымызда болмаған республикалық жас орындаушылар конкурсында «Академиялық ән салу» номинациясы бойынша (сопрано) Тыныштық Шахризада, (меццо сопрано) Қарғаева Зухра, (баритон) Мәлік Азат, (бас) Мұханов Ербол І орын лауреат атанып, колледж мәртебесін оданда биікке самғатты. 2015 жылы Астанада өткен Н. Тілендиев атындағы ІV Халықаралық  «Өз елім» Саз Фестивалі өтті. Конкурстың талабы зор болды. Колледжінің «Ән салу» бөлімінен 4 курс оқушылары Тыныштық Бибігүл және Айдарбекова Мадина   Астана - Операда жұмыс жасайтын солистермен бәсекелесіп,  жүлделі орындарды иеленіп қайтты. 2016 жылы Астана қаласында өткен Еркеғали Рахмадиев атындағы І халықаралық конкурста 4 курс оқушысы Алтынбек Айгерім «Вокалдық өнер» аталымы бойынша   ІІ дәрежелі  дипломмен марапатталды. 2016 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен  V халықаралық Б. Т. Штоколов атындағы вокалистер конкурсында 4 курс оқушысы Алтынбек Айгерім ІІІ орын алып келді. 2015-2016  жылы І Республикалық фортепиано конкурсында халық аспаптар бөлімінің ІІІ курс оқушысы Берікқызы Гулдана ІІ орын, Ән салу бөлімінің  І курс оқушысы Бөрібай Ернар ІІ орын, Ішекті аспаптар бөлімінің І курс оқушысы Шукурбаева ІІІ орын алып келді. ІІ  Халықаралық фортепиано конкурсында Халық аспаптары бөлімінің ІІ курс оқушысы Рамат ІІІ орын лауреат атанды. ХХХVІІ Республикалық жас орындаушылар конкурсында «Қобыз» номинациясы бойынша «Халық аспаптар» бөлімінің ІІІ курс оқушысы  Берікқызы Гульдана ІІ орын, «Прима»  бойынша ІІІ курс оқушысы Тигай Кристина ІІ орын, «Фольклор» бойынша ІІ курс оқушысы Бағланқызы Гулім ІІ орын, «Баян» бойынша  Прназарова Ж ІІІ орын  лауреат атанып келді. 2015 жылы Тарих толқынында» атты ХІ республикалық Ұлттық дельфий ойындарында «Хореография өнері» бөлімінің оқушылары жүлделі ІІІ орынға ие болды.