ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ “ҚАЗАНҒАП АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА

ЖОҒАРЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ”  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

A- A A+

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ

БАСҚАРМАСЫНЫҢ “ҚАЗАНҒАП АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА

МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ”  КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ

КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ

“КЫЗЫЛОРДИНСКИЙ МУЗЫКАЛЬНЫЙ

КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ КАЗАНГАПА” УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Казахстан ратифицировал протокол о присоединении Армении к соглашению ЕАЭС КЗ

Казахстан ратифицировал протокол о присоединении Армении к соглашению ЕАЭС КЗ

Казахстан ратифицировал протокол о присоединении Армении к соглашению ЕАЭС КЗ

Казахстан ратифицировал протокол о присоединении Армении к соглашению ЕАЭС КЗ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯН

Бутабаев Кеулімжай Шалтақбайұлы

 

ҚР «Мәдениет қайраткері», ҚР «Білім беру ісінің үздігі», ҚР «Құрмет» орденінің иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің директоры, Қызылорда облыстық филармониясының «Тұрмағамбет» атындағы халық аспаптары  оркестрінің бас дирижеры,  камералық оркестрдің  дирижеры, жоғары санатты білікті тәжірибелі маман.

 

 

Бутабаев Кеулімжай Шалтақбайұлы 1958 жылы 15 қаңтарда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1965 жылы Алматы қаласындағы А. Қ. Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектебіне виолончель аспабы бойынша  КСРО – ның үздік оқытушысы С. М. Жакеевтің  класына оқуға қабылданды. 1976 жылы 11 класты тәмәмдап, Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясына профессор Д. К. Баспаевтың  класына қабылданды. 1979 жылы ақпан айында конкурс арқылы мемлекеттік симфониялық оркестріне қабылданып еңбек жолын бастады. 1979 жылы симфониялық оркестр құрамында Москва, Ленинград Новгородқа гастрольдік сапармен барып қайтты. Консерватория қабырғасында оқып жүріп спорттық турнирмен Москва, Одесса, Бішкек, Баку қалаларында болды. 1981 жылы консерваторияны аяқтап, армия қатарында  отан алдындағы борышын өтеді.  1983 жылы Қызылорда қаласындағы музыкалық училищесіне жұмысқа қабылданды. 1986 жылы  «Сыр сұлуы» ансамблімен үлкен КСРО  делегация құрамында Йемен  Араб республикасында болды.

1986 жылы алғаш  рет камералық оркестр  және камералық ансамбль  класын ашты. Камералық оркестр 1993 жылы Павлодар қаласында өткен І-республикалық фестиваліне қатысып, дипломант атағын алды. 1988 жылы Алматыда «Жігер» жастар фестиваліне қатысып дипломант атанды. 1990 жылы Шиелінің «Жас Дәурен» ансамбль құрамында Португалия елінде болды. 1992 жылы Қарағанды филармониясының симфониялық оркестрінің шақыруымен Санкт-Петербург, Новгород, Москва қалаларында гастрольдік сапарда болды. 1992 жылдан бастап колледж оқушылары халық аспаптары оркестріне жетекшілік етті.

1996 жылы Алматы қаласында өткен Қызылорда өнерінің күндеріне қатысып, өзі жетекшілік еткен камералық оркестр және ұлт аспаптар оркестрі үлкен табыстармен оралды. Алматыда өткен осы іс-шараға байланысты еңбегі бағаланып, облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.

1996 жылы – Облыс әкімі және мәслихатының Құрмет грамотасы.

1997 жылы – ҚР білім беру ісінің үздігі.

1998 жылы – «Астана» медалінің иегері.

1998 жылы Астана қаласында өткен Қызылорданың өнер күндеріне байланысты облыс әкімінің құрмет грамотасымен екінші рет марапатталды.

1999 жылы облыс әкімнің шешімімен Қызылорда музыкалық колледжінің директоры болып тағайындалды.

2000 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің «Дидар» фольклорлық  ансамблімен Түркия елінде болды.

2003 жылы  Облыс әкімшілігі жанындағы  аспаптық ансамбль құрамымен Москва қаласына ресми сапарымен болды.

2005 жылы Облыс әкімінің «Өнер қамқоршысы» номинациясына ие болды.

2007 жылы Қызылорда қаласында ХХVІІІ Республикалық жас орындаушылар конкурсын ұйымдастырды.

2007 жылы  Қызылорда облыстық филармониясы жанынан алғаш рет 

халық аспаптар  оркестрін  құрды.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2010 жылы ҚР Композиторлар одағының  атынан «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.

2011 жылы  ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2011 жылы ҚР «тәуелсіздігіне 20 жыл»  мерекелік медалімен наградталды.

2012 жылы  Корея Республикасында білімін арттыру курсынан өтті.

2013 жылы Облыс әкімінің «Қызылорда облысына – 70 жыл» медалімен марапатталды.

2014 жылы Ақтөбе қаласында өткен ҚР Композиторлар одағының  75 жыл толуына байланысты өткен Халықаралық  фестивальде өнер көрсетті.

2014 жылы Германия Федеративтік Республикасының Фрайбург қаласы, Швейцария Федерациясының Базель қаласы, Франция Республикасының Страсбург қалаларында өткізілген «Еуропа елдерінде кәсіптік білім беру жүйесі» тақырыбында біліктілік арттырудың халықаралық курсына қатысты.

2014 жылы – Астана қаласының туған күніне орай Елорда төрінде  ұйымдас-тырылған облыстың өнер күндері аясында Облыс әкімінің алғыс хаты.

2014 жылы – Облыс әкімінің 2014 жылғы стипендиаты.

2014 жылы Қызылорда облыстық филармониясы жанынан алғаш рет  камералық оркестрді құрды.

2015 ж. – Ә.Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармонияның 70 жылдық мерейтойында І-Халықаралық «Түркі мұрасы» дирижерлар фестивалінен диплом.

2015 ж. – «Мәңгілік ел-болашағы біртұтас ұлт» облыстық патриоттар форумынан «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖЕҢІС» номинациямен диплом.

2015 ж. – «Мәдениет майталманы» номинациясының иегері.

2016 ж. – «Құрмет» орденінің иегері.

2018 ж.  – «Қызылорда қаласының құрметті азаматы»

Қызметте өте қабілетті, жауапкершілігі мол, профессионалды тұрғыда творчестволық, педагогикалық, шаруашылық біліктілікті ұштастырып жүрген өнер иесі.

Соңғы үш жылда өзі басқарып отырған колледжде оқушылар: халықаралық конкурстарда 6 оқушы лауреат, республикалық конкурстарда 30 оқушы лауреат, 20-ға жуық дипломант дайындады. Оған қосымша Облыстық филармонияда «Тұрмағамбет» атындағы «халық аспаптар» оркестрін, «камералық оркестрін» басқарды. Халықаралық, Республикалық, Облыстық мерекелік іс-шараларға қатысып, Халық құрметіне бөленіп жүрген оркестр дирижері, жоғары санатты білікті маман.

 

 

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно. KZ

KZ В этой форме вы можете задать вопрос:

Защитный код
Обновить картинку кз